14.11.2025, 16:00

«Еш қатысым жоқ! Сенбеңіздер!»: Ерке Есмахан маңызды үндеу жасады

фото: @erke_esmahan

Бұл туралы хабарды ең алдымен әншінің тыңдармандары жеткізген.

Алаяқтар танымал әнші Ерке Есмаханның есімін пайдаланып, жұртты алдау әрекетіне барғаны белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы хабарды ең алдымен әншінің тыңдармандары жеткізген. Олар күдікті жарнамалар мен хаттарды көре салысымен Еркеге хабарласып, жағдайдан құлағдар еткен. Желі қолданушыларынан келген дәлелдерден кейін әнші ресми түрде мәлімдеме жасауға міндетті болды.

"Көп оқырманым алаяқтар туралы жазып жатыр. Менің ешқандай ойынға, жарнамаға немесе ақша жинауға қатысым жоқ. Ешкіммен бұлай сөйлеспедім, еш жерден ақша сұраған жоқпын. Сондықтан сенбеңіздер! Абай болыңыздар! Алаяқтар өтірікті таргетке шығарып, елді алдап жүр", — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Әнші тыңдармандарына сақ болуды ескертіп, кез келген күмәнді сілтемеге немесе жарнамаға алданып қалмауға шақырды.