$ 524.32  609.05  6.52

«Көліктің үстіне шығуға тура келді»: Димаштың Лондондағы концертінде тосын жайт орын алды (ВИДЕО)

Осы сәтте жиналғандар хормен оның «Ұмытылмас күн» әнін орындады.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Лондондағы әйгілі OVO Arena Wembley сахнасында алғаш рет Қазақстан Республикасының  Әнұраны орындалды. Димаш Құдайбергеннің «Stranger» жеке туры аясындағы концерті өтті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Концерттен кейін фанаттар әншіні қоршап алып, жібергісі келмей әншінің көлігін қоршап алды. 

Видео әншінің жеке әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Жанкүйерлерінің ықыласына бөленген әнші, көліктен шығып, оның төбесіне шығып, сол жерден автографтар беріп, олармен бірге фотоға түсті.

Осы сәтте жиналғандар хормен оның «Ұмытылмас күн» әнін орындады.

— Бұл видео концерттен кейін біз тоқтаған қонақүй алдында түсірілген. Барлығына алғыс айту үшін көлік төбесіне шығуға тура келді, — делінген видеоға жазылған мәтінде. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары