$ 524.32  609.05  6.52

«Сұмдық қылмыс болған»: марқұм Арман Дүйсенов пен Индира Елеместің бұрынғы күйеуін не байланыстырады?

Пікір қалдырушылар бұл оқиғаны Индира Елеместің бұрынғы күйеуіне байланыстырып отыр.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әлеуметтік желіде Арман Дүйсеновтің жары Айсулу Аман Тасығанға берген сұхбаты талқыланып жатыр. Онда ол күйеуін Калелхан Иманмади деген азаматтың 66 миллион теңге ақшаға алдап кеткенін айтады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы qandastar.kz-ке сілтеме жасап. 

Пікір қалдырушылар бұл оқиғаны Индира Елеместің бұрынғы күйеуіне байланыстырып отыр.

«2018 жылы менің қызым Англияға кетуі керек болды. Калелхан деген кісі оны менің компаниям арқылы жіберіңдер деді. Біз Арман екеуміз фунтпен ақшасын апарып бердік. Біз отбасымызбен жиі араласып жүрдік. Ол ақшаны бермей жүрген кезде, мен Арманның алданып жүргенін түсіндім. Бұл кісінің зауытына кіру де, оған телефон арқылы хабарласу да қиын болатын», — дейді Айсулу.

Нәтижесінде, Калелхан Иманмади Арман Дүйсеновтің отбасына 66 миллион теңге қайтаруы тиіс болған.

Айта кетейік, БАҚ-та Индира Елеместің бұрынғы күйеуі Калелхан Иманмади, Карим Масимовтің әкесі, Кажимхан Масимовтің бизнес серіктесі болған делінген. Иманмади осы жылы алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Пікірлердерде Калелхан Иманмади Индира Елеместің бұрынғы күйеуі екені айтылды.

«Индира Елеместің күйеуі ғой Калелхан», Сұмдық қылмыс болған ғой», — деп жазды пікір білдірушілер.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары