$ 524.32  609.05  6.52

«Тұрсын үшеуміз тұрайық»: Қоғам белсендісі Баян Алагөзоваға ұсыныс жасады

"Баянның арманын орындап, бақытты еткім келеді".

Коллаж: SN.kz
Коллаж: SN.kz

Қоғам белсендісі Жәнібек Иманмәзір продюсер Баян Алагөзованың “Әйелдерге көп күйеу алу мәселесін талқылау керек” деген пікірін қолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Бір қатының қос күйеуі болуы керек деген тақырыпты көтерген Баян Есентаеваның екінші күйеуі болып, Баянның арманын орындап , бақытты еткім келеді..

Баянның көтерген тақырыбын қолдаймын.. Бір жалпақ төсекте, бір көрпенің астында, Тұрсын, Баян мен үшеуіміз пысылдап ұйықтап жатсақ, Баянның басқа арманы жоқ шығар..

Әйтеуір Баян ортамызда, ары қарап ұйықтаса да, бері қарап ұйықтаса да, екі жақта қос күйеуі болса неткен бақытты деші.

Баян қос күйеумен бақытты болуға Алла нәсіп етіп, арманы орындалсын дегім келеді", - деп жазды қоғам белсендісі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары