15.11.2025, 06:30

«Қызымнан бұрын өліп қалмасам екен»: Өнер қырандарының актері көз жасын тыя алмады (ВИДЕО)

Коллаж: SN.kz

"Ата-анасы сияқты қызға ешкім қарай алмайды".

“Өнер Қырандары” театрының мүшесі Құдырет Топаев ерекше қызын алаңдайтынын, “Құдайдан қызы үшін өзін ұзақ қалдыра тұруын сұрайтынын”,- айтып, көзіне жас алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Әртістің айтуынша, қыз балаға ата-анадай ешкім қарай алмайды.

"Ата-анасы сияқты қызға ешкім қарай алмайды. Бірінші мен кетіп қалмайыншы деймін. Ең нәзік жерім ғой. Алладан сұрайтыным Я Аллахым, менің қызыма ешкім қарай алмайды. Шүкір қазір ата-әжелері бар, қарайды. Бірақ ертең олар да өмірден өтеді. Ең қиыны ата-анасы бірінші кетіп қалса, ол нәрсені біз көтерген сияқты басқа адамдар көтере алмауы мүмкін. Бірақ сонда да барынша ағасына айтып жүремін. Хафиза-аманат саған. Сосын інісіне де айтамын. Сосын Алладан сұрап жүрдім. Аллахым менің қызыма серік бер деп. Қазір кішкентайым Маруам бар. Қыз деген ұл сияқты болмайды. Кеше көтеріп әкеліп Хафизаны жатқызып жатырмын. Мен ғана көтере аламын оны. Сонда кішкентай Маруам жүгіріп келіп әпкесін сүйіп, аяқ киімдерін шешіп жатыр. Сонда айттым Аллам сұрағаным осы, болды. Жанашыр өзінің сіңілісі бар. Біз бәріміз Хафизаны жақсы көруіміз керек деген нәрсе балалардың ойында қалыптасып келе жатыр. Кім біледі ертең не боларын. Қиын әрине бұлай сұрау. Бірақ амал жоқ сұрайсың", - деді ол. 

Бұл оқиға тек өнер иесін ғана емес көптеген аналардыңда жүрегін елжіретті.

"Сіздей әкесі бар Хафиза ең бақытты бала", "Дені сап сау қызыма ұрсып қоятыным үшін өкініп отырмын", "Алла жеңілдігін берсін", Әке болса сідей - ақ болсын", "Ерекше емес сап сау балаларына қарамайтын әкелер көбейіп кетті, сізге Аллам сабыр беріп, әрдайым қолдап жүрсін", - деп жазды оқырмандар.