$ 522.19  606.42  6.47

Есірткімен ұсталған Төреғали Төреәлі елде жоқ жүргізуші куәлігіне ие болды (ВИДЕО)

Атырауда өткен концертінде Төреғали Төреәліге жүргізуші куәлігінің үлкейтілген нұсқасы сыйға берілді. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Осыдан бірнеше жыл бұрын есірткіге мас күйде көлік жүргізіп бара жатқан жерінен полиция қызметкерлеріне ұсталып, жүргізуші куәлігінен айырылған Төреғали Төреәліге күтпеген сыйлық берілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желідегі мәліметке сүйенсек, Атырауда өткен концертінде Төреғали Төреәліге жүргізуші куәлігінің үлкейтілген нұсқасы сыйға берілді, деп жазады Azattyq Rýhy.

Айта кетейік, Алматыда 2023 жылдың маусым айында әнші есірткіге масайған күйде көлік тізгіндеп бара жатқан жерінен ұсталған. Осы оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті былай деп түсініктеме берген:

«Жүргізушінің мінез-құлқы өрескел болып көрінді: ол агрессивті болды, полицияның заңды талаптарына бағынбады, тұрақта тұрған Chevrolet көлігіне зақым келтіріп, ұсталған орнынан қашып кетпек болды», - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 18
Ұнамайды 31
Күлкілі 11
Ашулы 7

Серіктес жаңалықтары