$ 519.41  600.85  6.41

«Келер жылға жоспарлап жатырмыз»: Медеу Арынбаев ел күткен қуанышты жаңалығын жария етті (ВИДЕО)

Қазір қол ұстасып жүрген қызы бар

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Белгілі әнші әрі актер Медеу Арынбаев "Бүгін.live" бағдарламасында қонақ болып, келесі жылы ұлын үйлендіріп, келін түсіретінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Өнер иесінің сөзінше, баласы қазір өзінің сүйген қызымен жүр, ал ата-ана ретінде олар жастардың шешіміне құрметпен қарайды.

"Келер жылы ұлымды үйлендірмек ойымыз бар. Қазір қол ұстасып жүрген қызы бар. Мен ешқандай талап қоймаймын, бәрін өзі біледі. Біз тек ниетімізді білдіріп, тілеулес болып отырмыз. Әрдайым "ата-аналарыңның сенімін ақтаңдар, өз өмірлеріңді өздерің құрыңдар" деп айтып жүремін. Ең бастысы – бақыттары баянды болсын" – деді Медеу Арынбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары