$ 519.41  600.85  6.41

«Еркектің мықтылығы тек ақша табуында емес»: Айнұр Тұрсынбаева ер-азаматтарға күйеуінің мәрттігін үлгі етті (ВИДЕО)

Әйелінің көңіл-күйін, балаларының тәтті ұйқысын қорғау керек.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Айтыскер ақын, коуч Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желіде күйеуінен гүл алған сәтінде түсірілген бейнежазба жариялап, нағыз ер-азамат қандай болу керегін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Отбасының тірегі-еркек! Тірек әлсіз болса шаңырақ құлайды. Еркектің еркектігі айқайлауында немесе тек ақша табуында емес, қорған бола білуінде! Қорған болу-қорғау! Қорғау дегеніміз жаудан қорғау емес. Әйелінің көңіл-күйін, балаларының тәтті ұйқысын қорғау керек. Отбасының намысын қорғау керек! Отбасы-аманат! Аманатты иесіне қайтарғанда ұялмайтындай болу керек. «Мүміндердің иман жағынан ең кәмілі – көркем мінезде ең жақсысы, ал сендердің ең жақсыларың – жұбайларыңмен жақсы қарым-қатынаста болғандарың», – деген пайғамбарымыз с.а.у.», – деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары