$ 519.41  600.85  6.41

Заңсыз 162 млн пайда тапқан Абай Бегейдің қызы қылмыстық жазадан құтылып кетті

Ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растаған.

Фото: https://www.instagram.com/abai_begei/
Фото: https://www.instagram.com/abai_begei/

Заңсыз лоторея ойнатып, 162 млн теңгені қылмыстық жолмен тапқан Абай Бегейдің қызы мен күйеу баласы жазаланбайтын болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Ақпаратты Қаржылық мониторинг агенттігі растаған.

Әншінің қызы Гүлеркем Ниязқұлова Қылмыстық кодекстің 214-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағына сәйкес «заңсыз бизнеспен айналысу» фактісі бойынша тергелген.

«Аталған қылмыстық іс ҚК –тің 35-бабы 1-бөлігі 3- тармағына сәйкес амнистия актісіне байланысты Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті ақтамайтын негіздер бойынша істі тоқтатты хабарлайды», — деді агенттік ресми жауабында.

Осылайша миллиондаған ақшаны қалтаға басқан Абай Бегейдің қызы рақымшылыққа ілінді. Ол ешқайдай қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары