$ 519.41  600.85  6.41

«Тоқал алсаңдар, мені тірідей көме салыңдар...»: Гүлзира Айдарбекова ұлдарына қатаң талап қойды

Желі қолданушылары продюсерге Қайрат Нұртастың отбасы туралы сұрақ қойған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Белгілі продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желіде оқырмандарының сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желі қолданушылары продюсерге Қайрат Нұртастың отбасы туралы сұрақ қойған. Сонымен қатар Гүлзира Айдарбековаға «Ұлыңызды жаныңыздан тастамайсыз» деп сын айтқан.  

Продюсер мұны жауапсыз қалдырмады.

«Жаныма байлап қойғаным жоқ. Продюсер ретінде жұмысымды атқарып жүрмін. Бала-шағасы қасында, ешқайда кетіп қалған жоқ. Басқа әйел де алып кеткен жоқ. Ұлдарыма тоқал алсаңдар, мені тірідей көме салыңдар, немерелерімді жылатып жүрегімді жараламаңдар демедім бе?» - дейді продюсер. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары