$ 518.19  597.32  6.43

«Емшіге де бардық, дәрігерге де қаралдық»: Өмірқұл Айниязовтың әйелі басына түскен сынақ туралы айтты

Ер адамдар да бар ол жерде, әйелмен бірге күйеуін де емдейді.

Фото: instagram.com/farida_ainiyazova
Фото: instagram.com/farida_ainiyazova

Әнші Өмірқұл Айниязовтың әйелі Фарида Айниязова араға бірнеше жыл салған соң, қалай жүкті болғанын айтып берді. Бұл туралы әншінің әйелі журналист Гүлжанат Пірімбетке берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Көтертетін емшіге бардық. Мен сияқты көтермеген адамдар көп, өзі толық, ірі ер адам болатын. Ер адамдар да бар ол жерде, әйелмен бірге күйеуін де емдейді.

Бас жағына ер адамдарды, төменгі жағына әйел адамдарды жасайды. Екі шынтақпен, әйелдің аналық жұмыртқаларын ұрады. Оны «отаға келіңіз, ертең сізге ота жасалады» деп айтады. 

Ер адамның күші көп, саусақпен ұрады. Сол кезде қатты ауырды, бірақ негізі мен шыдамды адаммын. 5-6 рет ұрады, соңғысында қатты ұрған ғой. 

Өмекең анадай жерден келіп, «болды» деп алып кетті», — дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары