$ 518.66  597.44  6.56

«Екі баласы бар әйел»: Байырбекованың ұлы сүйіктісіне ұсыныс жасады (ВИДЕО)

Блогер Тәуіржанның таңдауы бұрын тұрмыста болған қызға түскен. 

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Әнші Жазира Байырбекованың бауыры Ләззат Байырбекованың ұлы сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Блогер Тәуіржанның таңдауы бұрын тұрмыста болған қызға түскен. 

"Ол "иә" деді", - деп жазды блогер Тәуіржан желідегі парақшасында. 

Ал оның анасы болса, ұлының таңдауына қатысты төмендегідей пікір айтты. 

"Келініңіз құтты болсын дейді. Ол сөзді шын келін болған кезде ғана қабылдаймын, қазір жоқ қабылдамаймын. Келін, немере құтты болсын деп жатыр. Шынымен немереге, сондай күнге Құдай жеткізсін. Балаларым үйленіп бүтін сәбилер туылып, осындай тілектерді қабылдайтын кезге жетейін. Рақмет, сіздер де жетіңіздер. Бірақ мен сеніп отырған жоқпын. Шынымен ұлым ғашық болса екен. Тәуіржан үйленуге дайындалсын, жиналсын, достарына жем болып жүре бермесін. Үйлену үшін де жағдай керек қой", - деді Ләззат Байырбекова. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары