$ 518.66  597.44  6.56

«Жас әншіні сабаған»: Мұқасан Шахзадаевтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Сондай-ақ Инга Иманбай Мұқасан Шахзадаевтың бірнеше күннен бері байланысқа шықпай отырғанын алға тартты.

Фото: Іnstagram.com/mukassan_shakhzadayev/zhan_ahmadiev
Фото: Іnstagram.com/mukassan_shakhzadayev/zhan_ahmadiev

“Нұр-Мұқасан” тобының жаңа қатысушысы Ғалымжан Сүлеймен әлеуметтік желіде топтың экс-әншісі Мұқасан Шахзадаевтың өзін сабап тастағанын айтқан еді. Алматы полиция департаменті әншіге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Жәбірленушінің заңгері Инга Иманбайдың айтуынша, жанжал топ орындайтын әнге байланысты туған.

"Ғалымжан мәселені келісіммен шешкісі келіп, жағдайды сөйлесіп талқылау үшін Шахзадаевтың үйіне барған. Алайда әңгіме бірден жанжалға ұласқан. Сүлейменн Шахзадаев пен оның екі досы оған шабуыл жасап, ауыр жарақаттағанын айтып отыр. Шахзадаев тіпті сол сәтте мас болған көрінеді”, –  деді Инга Иманбай.

Заңгердің сөзінше, Сүлеймен жағдайы қиындаған кезде ғана дәрігерге жүгінген. Тексеру нәтижесінде оның мұрны мен қолы сынғаны анықталған. Қазір ол ем қабылдап жатыр және шабуыл жасағандар жауапкершіліктен жалтарып кетуі мүмкін деп алаңдайды.

Сондай-ақ Инга Иманбай Мұқасан Шахзадаевтың бірнеше күннен бері байланысқа шықпай отырғанын алға тартты.

Ал жәбірленуші құқық қорғау органдарына ресми шағым түсірген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары