Танымал әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі Айман Тұрсынбек әлеуметтік желіде күтпеген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Айман Тұрсынбектің сөзінше, олар танысқан кезде әзілкештің тек қыздары болған.
«Менімен танысқанда Тұрсынбектің ұлы жоқ еді, тек қыздары болды. Сол кезде мен оған ұл туып бердім. Қазір ол ұл ер жетіп қалды. Мен ұл туған соң, Мөлдір Тұрсынбектен айырылып қалмау үшін екі ұл туды. Тұрсынбектің ұлдарының үлкенін мен дүниеге әкелдім. Балалардың араласуына ешқашан қарсы болған емеспін», — деп жазды ол.