"Осындай әдемі дүниелерімді салайын десем, мақтанғандай боламын ба деймін".
Актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында Олжас Абайдың өзіне сыйлық жасағанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дариға Бадықова Instagram-дағы stories-те суреттерін бөліскен:
"Осындай әдемі дүниелерімді салайын десем, мақтанғандай боламын ба деймін. Бірақ көрсеткім келді сіздерге. Осылай лайф көрсетейін. Жақсының жақсы сыйлығын айту керек-ау?! Бағалы тастарды жақсы көремін. Олжеке, әдемі, бағалы сырға үшін рахмет. Туған күннің сыйлықтары бастау алды",- деп жазды актриса.
