27.11.2025, 16:40

«Сәкеннің қасында ұсқынсыз болып тұр»: Динара Майғазиеваның тойға киген образы талқыға түсті (ФОТО)

Коллаж: sn.kz

Алайда барлығы жарысып тұрғанын айтып, ақ тілегін жаудырғандардың да қарасы көп. 

Әнші Сәкен Майғазиев құдаларының қуанышына ортақтасып, көптің талқысына түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. 

"Құдаларымыз екінші қызын ұзатып, байырғы (ескі) құда деген айдар тағып, маңғаз Маңғыстаудың төрінде аунап-қунап, Аллаға шүкірлер мен мақтаулар айтып, қайта жолға шықтық. Ұрпақтарымыз адал жарларын тауып, саналы, салиқалы ұрпақтарымызды өрбітуін нәсіп етсін. Күллі қазаққа жұғысты болсын", - деп жазды әнші. 

Осыдан кейін желі қолданушылары әншінің тойға киген образын сынап түрлі пікір жазған. 

"Неге сонша қап-қара болып киініп алған? Той болған соң әдемі болып жарқырап шықпай ма", "Орамал сыртынан ана бас киім керек емес. Не тақия ки, не орамал тақ", "Қап-қара киімі несі? Динара Сәкеннің қасында ұсқынсыз болып тұр. Әдемі болып киінуі керек еді", деді олар. 

Алайда барлығы жарысып тұрғанын айтып, ақ тілегін жаудырғандардың да қарасы көп.