Нұрсұлтанның марқұм әкесі Оразалыдан айнымай қалағанын жазған желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
Белгілі кәсіпкер, мотиватор Арзу Алмасова марқұм Оразалы Досбосыновтың шаңырағында қонақта болғанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.
"Оразалы Досбосынов пен Ажар Түзелбекқызының ұрпақтары. Балаларының барып маңдайынан иіскеп қайттық. Нұрайша мен Нұрсұлтан. Орны бар оңалар. Құран бағыштадық", - деп жазды кәсіпкер.
Нұрсұлтанның марқұм әкесі Оразалыдан айнымай қалағанын жазған желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
"Оразалы ағаның көшірмесі екен", "Ұлы аумаған әкесі", "Шашына дейін тура Оразалы", "Өмірдің қиыншылығын көрді. Әке-шешесі жасамаған жасты жасасын. Ғұмырлы болыңдар", деді олар.