$ 518.68  600.27  6.58

«40 миллионнан айырылдым»: Сотталып шыққан Мейірхан Шерниязов бар шындықты айтты

"Ай сайын 20 пайыз табыс аласың деді". 

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп сотталған, бес жылға бас бостандығынан айырылған Мейірхан Шерниязов төрт ай бұрын түрмеден шыққан.Ол Руслан Өтепбайға берген сұхбатында өз тәжірибесі туралы айтып берді деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Шерниязовтың сөзінше, 12 адам осы іс бойынша сотталған, бірақ оның төртеу-бесеуін мүлде танымайды екен. «Бірақ заң бойынша бізді ұйымдасқан қылмыстық топ деп таныды. Түрмеге барғанда ғана өздері келіп, «Біз бір ОПГ-дамыз» деп таныстырды», – дейді ол.

Оқиға 2020 жылдан басталған. Сол кезде Мейірхан Әділет есімді жігітпен танысып, оның мейрамханасы мен бургер нүктесіне амбассадор болуға ұсыныс алады. Кейін Русланды да шақырып, бірнеше бизнес-жобаларға араласа бастайды: антисептик шығару, қара зере өнімдері және тағы бірнеше бағыт.

Әділет Мейірханға «Астекс» компаниясына ақша салуға кеңес береді. «Мен дін жолындағы адам болғандықтан депозитке ақша салмайтынмын. Бірақ Әділет:

«Астекске ақша саласың, тендерлермен айналысады, ай сайын 20 пайыз табыс аласың» деді», – дейді Мейірхан.

2020 жылдың 14 сәуірінде ол алғашқы 9 миллион теңге салым жасаған. Кейін көлігін бағалап, тағы 9 миллион теңге қосып, бірнеше салым арқылы барлығы 40 миллион теңгеге жуық қаржы құйған. Ай сайын 20 пайыз табыс алу керек еді, алайда бәрі алаяқтық болып шыққан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары