$ 512.53  592.43  6.53

«Сөйлемесе де бәрін түсіндіріп отыр»: Төреғалидің тұңғышы көпшіліктің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

Алғашқы эфирге шығуымен құттықтаймыз!

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Желіде танымал әнші Төреғали Төреәлінің тұңғыш қызы Кәусардың анасымен бірге халыққа сөйлеген видеосы тарады. Желі қолданушылары сүйкімді балақайдың қылығана тәнті болып, жылы пікір жазып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әншінің қызы Кәусардың видеосы Толқын Тұрарбекқызының парақшасында жарияланды. 

“Бүгінде бізде алғаш рет осындай видео түсіріліп жатыр. Сіздермен Кәусар Төреғалиқызы”, – деді әншінің жары.

Кадрларда балақайдың анасына өз ойын ашық жеткізіп отырғанын көруге болады. 

“Сен ұялмайсың, өз аяғыңмен жүрмесең де, сөйлемесең де бүкіл жерде жүресің. Киноға барасың, тамақтанасың, көпшілік арасында жүргенді ұнатасың, боянғанды жақсы көресің. Ал қазір Кәусар өзі боянып алған”, – деді ол.

Желі қолданушылары Кәусардың іс-әрекетіне тәнті болып, түрлі жылы пікір қалдырып жатыр.

“Жаным өзім сияқты күледі екен”, “Кәусар сондай көңілді, ашық қыз екен. Алғашқы эфирге шығуымен құттықтаймыз! Анасы да диолог-сұхбатты күшті құрады екен”, “Жердегі жәннәттық періште ғой, жүрегі тап-таза. Алла ғұмырын ұзақ етсін, Кәусартайдың”, “Ашықжарқын өзі. Алла ғұмыр берсін, бақытты болсын”, “Жаным, неткен ақылды қыз еді”, “Өте ақылды балапан екені көрініп тұр”, – деп жазған олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары