$ 508.2  589.82  6.54

«Балаларына келмейді, іздемейді»: Мөлдір Әуелбекова ішіндегі ренішін айтты

Сонымен қатар сұрағына жауап бергендерге алғыс айтып, ренжулі еркектердің көп екенін де ашық жазған. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Мөлдір Әуелбекова Threads парақшасында оқырмандарына сұрақ қойды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әнші ер адамдар қауымын сынға алған. 

"Ерлерге сұрақ: неге, біздің қоғамда көп еркектер әйелімен ажырасқанда, балаларымен қоса ажырасады? Яғни, балаларына келмейді, іздемейді де? Бағуды айтпай-ақ қойдым…", - деп жазды Әуелбекова. 

Сонымен қатар сұрағына жауап бергендерге алғыс айтып, ренжулі еркектердің көп екенін де ашық жазған. 

"Есеймеген ренжулі ерлер көп екен. Дегенмен, адекватты пікір білдіріп, нақты сұраққа - эмоциясыз нақты жауап беріп отырған ер азаматтар да баршылық екен! Рақмет!", - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары