$ 503.89  587.54  6.48

«Жарақат алып қалды»: Әнші Бүркітке қатысты жағымсыз жаңалық шықты (ВИДЕО)

«Өлтірдің ғой мамасының баласын».

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қазақстандық танымал жұп Бүркіт пен Аиша желіде жариялаған көңілді видеомен Instagram қолданушыларын әбден күлдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Видеоға қалдырылған пікірде:

«Би билейік деп едік, ол жарақат алып қалды», - деп әзілдей түсіндірген.

Кадрларда жұп көңілді би билеп жүріп, кенеттен Бүркіттің еденге құлап түскені байқалады. Кейін белгілі болғандай, бұрылған сәтте Аиша абайсызда оның иегіне шынтағымен тиіп кеткен.

Алайда, жанкүйерлерін алаңдатпау үшін ерлі-зайыптылар:

«Түсірілім барысында ешбір актер зардап шеккен жоқ», - деп пікір қалдырды.

Желіге жарияланған бұл видео қолданушылардың көңілін көтеріп, жұптың позитивті көңіл күй сыйлау мақсаты толықтай орындалды.

«Өлтірдің ғой мамасының баласын», «Өте керемет жұпсыздар, бақытты болыныздар!», «Өте әдемі», — деген пікірлер қалдырды желі қолданушылары.

Оқырмандары Бүркіт пен Аишаға отбасылық өмірде бақыт тіледі.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары