$ 499.65  582.89  6.47

«Тоқалына тіл тигізбегені тектілік»: Гүлназ Әлімгерей Мөлдір Мұқанова туралы жазды

"Ыстық сезім, махаббат мүлдем жоқ боп кеткеніне сенбеймін".

Фото: gulnaz_alimgerey парақшасынан
Фото: gulnaz_alimgerey парақшасынан

Танымал тележүргізуші Гүлназ Әлімгерей Мөлдір Мұқанова мен Тұрсынбек Қабатовқа қатысты ойын айтты, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Ол Мөлдір Мұқанованың тектілігін атап етті. 

"Ағаңның абыройын дастарқанмен жинадым" деп бір жақсы көретін жеңгем айтып еді кезінде. Тұрсынбек пен Мөлдірдің дастарқанында талай қонақ болғанбыз. Кешегі біздің ұлдың тойында да дымын білдіртпей келіп, әнін айтып, тілектестігін жеткізді. Араға бірнеше күн салып сұқбаты шықты. Мөлдір іштегісімен бөлісе отырып, бөгде әйелге тіл тигізбегені - оның тағы бір тектілігін көрсетті мен үшін...

Екеуі көрсе көз тоятын әдемі жұп еді. Қимаймын. Ыстық сезім, махаббат мүлдем жоқ боп кеткеніне сенбеймін. Араларында қалған болар деген үміттемін...", - деді ол. 

Сонымен қатар, Мөлдірдің фильміне билет жоқ екенін айтты. 

"Бүгін Оралдағы "Шай" киносына билет жоқ. Оңаша отырып ішетін шайға уақыт тағы жоқ. Алла халықтың ықыласынан айырмасын, Мөлдіржан!", - деп жазды Гүлнәз Әлімгерей. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары