Өнер иесі әр таң сайын жануарларды көру ерекше сезім сыйлайтынын айтады.
Продюсер Баян Алагөзова қызы Айсәуле Бақытбектің “Сырласу” жобасының жаңа шығарылымында үйінде қанша жануар барын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Олардың үйінде айтарлық көп үй жануары бар болып шықты. Баян Алагөзованың сөзінше, оларда екі мысық, үш ит, тауыс, тауықтар, әтештер және тіпті 25 көгершін бар. Иттердің бірінің аты – Маша, ол бұрынғы үй иелерінен қалған, алайда қазір отбасының толық мүшесі.
“Бізде тағы екі ит бар. Қаймақ пен Тары. Тазы тұқымдас. Асырап жатқанымызға бір жыл болды. Өте ақылды. Үнемі аңға шығады”, – дейді ол.
Өнер иесі әр таң сайын жануарларды көру ерекше сезім сыйлайтынын айтады.
Құстар мен иттерден бөлек, Алагөзовтердің шаруашылығында төрт жылқы бар. Солардың біреуі саумал береді, ал екіншісі жақында құлындап, тағы да тайлақ күтіп отыр. Өнер иесі әр таң сайын жануарларды көру ерекше сезім сыйлайтынын айтады.