Сонымен бірге өнер иесі артық салмақ үшін алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтып, ең алдымен денсаулықты ойлау керегін еске салды.
Әнші Алтынай Жорабаева босанған әйелдерге арналған арнайы быламықтың пайдасы туралы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
«СубһанАллаһ, буындарымнан тер бұрқ етіп шығып жатыр. Бұған дейін сүт шайды ыстықтай 2–3 кеседен ішсем де, бұлай терлемейтінмін. Быламықтың тіске, деснаға пайдасы көп екен. Қазағым — расымен дана халық», — деп жазды ол.
Сонымен бірге өнер иесі артық салмақ үшін алаңдаудың қажеті жоқ екенін айтып, ең алдымен денсаулықты ойлау керегін еске салды.
«Быламық жеп жүрмін деп, фигураң бұзылады деп жазып жатқандар, уайымдамаңыздар. Аллаға шүкір, күш-жігерім мықты. Ең маңыздысы — денсаулық. Әр кезеңді дұрыс пайдаланып, күтіну керек», — деді әнші.