08.12.2025, 04:30

«Сол үшін ұрысып қалдым»: Абай Бегейдің әйелі күйеуіне жүкті екенін қалай жеткізгенін айтты

Фото: instagram.com/abaibegei

Бірден ұл ма, қыз ба деп сұрады.

Отандық танымал әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жұманова желі парақшасында жүктілігін күйеуіне қалай жеткізгенін айтып, сырымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Ой қыздар, Абай аға эмоция білдіре алмайды. Сол үшін  ұрысып қаламын тырысып. Бірден ұл ма, немесе қыз ба дейді. Қысқасы ағаларың комдеия жүрген", деп жазды блогер.

Сондай-ақ, ол қай перзентханада босанатынын да айтты.

"Қыздарики мен қарапайым емханада тіркеуде тұрмын және қарапайым перзентханада босанамын Алла қаласа. 3 бөпені де солай босандым, қымбат перзентханаға ақша қимаймын", деп жазды ол.

Жазбаны көрген желі қолданушылары оларға құттықтауларын жаудырды.

"Ата болып та, әке болып та үлгеріп жатыр, Абай мырза", "Аман-есен босанып алсын! Жағдайлары бар, Аллаға шүкір, жас қой әлі, Алла беріп жатса, неге тумасқа", "Керемет! Құтты болсын!", - деп жазды желі қолданушылары.