Жұлдыз отбасындағы қуанышымен бөлісіп, жалғыз бауырының шаңырақ көтергенін жариялады.
Танымал актриса, Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова ұзақ үзілістен кейін қайын атасы Нұртас Айдарбековпен бірге көзге түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жұлдыз отбасындағы қуанышымен бөлісіп, жалғыз бауырының шаңырақ көтергенін жариялады. Ол тойдан бірнеше қызықты бейнежазба жүктеп, жұрттың жылы пікіріне ие болды. Көпшілік актрисаның «5 баланың анасы екені білінбейді» деп таңданыстарын білдірді.
Тойда Нұртас Айдарбековтің бой көрсетуі де назардан тыс қалмады. Алайда Жұлдыздың төркінінің тойына Гүлзира Айдарбекова келмеген. Бұл жайт әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар түрлі пікір жазды:
«Гүлзира көрінбейді ғой», «Гүлзира қатты ғой, келмей қалған», «Қайрат Жұлдыздың қайын жұртына сый көрсетіп келген», «Жұлдыз бұлардың тойына бармаған еді», «Үстіне не киіп алған?» — деп жарыса пікір қалдырды.