$ 504.49  587.73  6.57

«Балаларға хабарласып, сөйлесті»: Мөлдір Мұқанның сұхбатынан кейін Тұрсынбек Қабатов байланысқа шыққан (ВИДЕО)

Сондай-ақ Мөлдір Мұқанова әлі де айтылмаған ақпарат көп екенін алға тартып, сұхбаттағы сөздерінің эмоцияның әсерінен шыққанын жеткізді.

Танымал әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова “Жарқыраған жұлдыз” бағдарламасына берген сұхбатында бұрынғы күйеуі Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасы туралы айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесінің айтуынша, әзілкеш экс-әйелінің сұхбатынан кейін балаларымен хабарласқан.

“Сұхбаттан кейін балаларға хабарласып, сөйлесті. Әдемі басқа елде оқып жатыр. Қызына “Әдемі, саған рақмет” деп айтқан екен. Жүрегі елжіреп, кішкене дауысы дірілдеп тұрған екен. Әдемі оған: “Папа, не үшін рақмет айтып жатырсыз? Сіз менің әкемсіз ғой. Мен де сізді сағындым. Хабарласқаныңызға рақмет” деп жауап беріпті”, – деді ол.

Сондай-ақ Мөлдір Мұқанова әлі де айтылмаған ақпарат көп екенін алға тартып, сұхбаттағы сөздерінің эмоцияның әсерінен шыққанын жеткізді.

“Әкелерінің жүрегі өте кең адам ғой. Бұл – уақытша қателік. Дәл сол уақытта балалардың нөмірін бұғаттапты. Сол сәтте өзім қасында болмағаннан кейін Тұрсынбектің өзі бұғаттады ма, әлде қасындағы адамдар бұғаттады ма? Біз білмейміз ғой. Сондықтан мен тек фактілерді айтамын. Қаншама уақыт бойы біз хабарласа алмай, жазбаларымызға жауап ала алмадық. Хатымыздың бізден кеткені ғана көрініп тұрды, оған бармады. Телефоннан қоңырау бармады, байланысқа шыға алмай қалдық. Қиналып кеттік, сағындық, жыладық… Әсіресе Айару мен Нұриман… Сондай сәттер болды. Сол сәтте эмоцияға беріліп осындай қиыншылықты айтып қойдым”, – деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары