$ 504.49  587.73  6.57

«Не еңбек сіңірді сонша»: Танымал актер атақ аламын деп елдің сынына қалды (ФОТО)

Алайда желі қолданушылары актерді лайық көрмей түрлі пікір жазды. 

Фото: erkebulan_toktar парақшасынан
Фото: erkebulan_toktar парақшасынан

Танымал актер Еркекбұлан Тоқтар "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол желідегі парақшасында сүйіншіледі. 

"Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 21 қазандағы Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді", - деді ол. 

Алайда желі қолданушылары актерді лайық көрмей түрлі пікір жазды. 

"Ертелеу беріп қойды ма деп ойлап қоямын. Енді босаңсып кетпей одан да үлкен белестерді бағындыруыңа тілектеспін", "Шаншардағы" Уәлибекке де осындай атақ беру керек. 30 жыл болды ел алдында жүргеніне", "Лайықты емессің", "Не еңбек сіңірді сонымен тізіп айтуға болатындай", деп жазды олар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#атақ #актер