"Уайым қайғымыз басылды".
Танымал әнші Қайрат Нұртас осыдан бірнеше ай бұрын туылған қызы Рәбия Сұлтанмен бірге түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бейнежазбада өнер иесі қызын иіскеп, құшақтап тұрғаны анық көрінеді.
"Қызым, менің кішкентай Рәбиә Сұлтаным!", - деп жазды әнші.
Ал желі қолданушылары Қайраттың ақыры өз қызын көруге барғанына қуанып, әкенің қызына деген махаббатына тәнті болды.
"Бақытты болыңдаршы жандарым! Сендердің қарым-қатынастарыңа өзімдікінен артық уайымдаймын", "Уайым қайғымыз басылды", "Мен неге мәз болып отырмын", "Сөйтші құрысын", "Тыныш ұйықтайтын болдық!", "Екі ортаға жіберген Алланың дәнекері ғой", "Ал кімнен деп өліп баратыр едіңдер", - деп жазды оқырмандар.