$ 504.49  587.73  6.57

Димаш Құдайберген Халықаралық көші-қон ұйымының жаһандық ізгі ниет елшісі атанды

Бұл атақ оның қиын жағдайдағы адамдарды қолдауға бағытталған көп жылғы еңбегіне берілді.

Фото: dimashnews.com
Фото: dimashnews.com

8 желтоқсанда Женевада өткен жыл сайынғы сессияда БҰҰ-ның Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) қазақстандық әртіс әрі гуманитарлық қайраткер Димаш Құдайбергенге жаһандық ізгілік елшісі мәртебесін берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл атақ оның қиын жағдайдағы адамдарды қолдауға бағытталған көп жылғы еңбегіне берілді.

2024 жылы Димаш ХКҰ-ның өңірлік ізгілік елшісі атанып, өз платформасы арқылы мигранттар мәселесіне қоғам назарын аударып, интеграцияға жәрдемдесіп, түрлі қайырымдылық шараларына қатысты.

2025 жылы ол ХКҰ-мен ынтымақтастығын кеңейтіп, Рамазан айындағы ақпараттық науқанға қатысып, адам саудасы мен осал топтарды қорғау мәселелерін көтерді. Сондай-ақ ХКҰ бас директоры Эми Поуппен кездесіп, гуманитарлық дағдарыстарға ұшыраған жандарға көмектесу ниетін білдірді.

«Stranger» әлемдік туры аясында Нью-Йорк, Мехико, Барселона, Лондон және Берлинде өткен концерттерінде Димаш инклюзивтілік пен тұрақтылықты насихаттап, көрермендерді ХКҰ жұмысына қолдау көрсетуге шақырды. Оның концерттері 100 мыңнан астам адамды қамтып, ұйым миссиясының танылуына үлес қосты.

Сессия барысында Димаш аудитория алдында «S.O.S d’un terrien en détresse» әнін орындады. ХКҰ оның гуманитарлық жобаларды ілгерілетудегі еңбегіне жоғары баға берді.

ХКҰ бас директоры Эми Поуп:

«Димаш өз дауысын қиындық көрген адамдарды қолдауға арнап, олардың өмірін әлемге танытады. Біз оны жаһандық ізгілік елшісі ретінде мақтан тұтамыз», – деді.

Өз сөзінде Димаш:
ХКҰ-мен жұмыс істеу – оның шығармашылығы мен өміріндегі маңызды бағыт екенін, жаһандық елші ретінде мигранттардың құқықтарын қорғап, қауіпсіз көші-қон туралы ақпараттандыруды жалғастыратынын айтты. Ол әлемдік тыңдармандарына – Dears қауымына – гуманитарлық бастамаларға қолдауы үшін алғыс білдірді.

«Бұл мәртебе – үлкен жауапкершілік. Мейірімділік пен жанашырлықты насихаттап, қауымдастықтарды біріктіруге үлес қосуды жалғастырамын», – деді Димаш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары