Аңызға айналған дауыс, өшпес әндер және жүрекке жеткен өнердің тарихы бүгін көрерменге жаңа қырынан ашылмақ.
Роза Рымбаева сахнамен қоштасуы мүмкін. Бұл туралы ол Abaitv.kz арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. «Сарасөз» бағдарламасында қонақ болған Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева өз өмірінен сыр шертті. Бағдарлама барысында аңыз әнші көрермендерді елең еткізер жаңалығымен бөлісті. Қазір ол шығармашылық жолының жарқын сәттерін қорытындылайтын 50 жылдық есеп беру кешіне қызу дайындық жүргізіп жатыр. Роза Қуанышқызының айтуынша, осы мерейтойлық концерт оның үлкен сахнадағы соңғы кеші болуы әбден мүмкін.
«Бұл – менің өнер жолымның ең маңызды кезеңдерінің бірі. Осы концерттен соң сахнамен қоштасуым мүмкін», – дейді әнші.
Аңызға айналған дауыс, өшпес әндер және жүрекке жеткен өнердің тарихы бүгін көрерменге жаңа қырынан ашылмақ.