Блогердің айтуынша, Айарудың образы толықтай қымбат брендтерден құралған.
Fashion-блогер Жансая Әміршарип белгілі продюсер Баян Алагөзованың қызы Айарудың бір күндік образына шолу жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Блогердің айтуынша, Айарудың образы толықтай қымбат брендтерден құралған:
француздық брендтің көйлегі — 161 мың теңге, Gucci етігі — 733 мың теңге, сөмкесі — 474 мың теңге, сырғасы — 2 млн 99 мың теңге, мойынға тағатын әшекейі — 5 млн 517 мың теңге, Cartier сағаты — 15 млн 419 мың теңге, сақинасы — 1 млн 38 мың теңге.
Жалпы құны — 25 млн 434 мың теңге.
Бұл тізім көпшіліктің назарын аударып, желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.
Бірі: «50 мыңға киім алсақ, соның өзіне мәзбіз» десе, енді бірі: «Бір үйдің құнын үстіне іліп алыпты», «Менің пәтерімді біреу киіп алыпты» деп әзіл-шыны аралас пікір білдірді.