10.12.2025, 15:40

«Уайымға салындым»: Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайратқа алаңдаушылық білдірді (ВИДЕО)

Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың жанды дауыста ән салудан қиналмайтынын, фонограмма туралы заң оларды шошытпайтынын да айтып өтті. 

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желідегі парақшасында Қайрат Нұртастың Алматыда өткен концерті туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Медиа-маманның айтуынша, "Алматы Аренада" өткен концерттің алдында бірнеше қиындықтан өткен. 

"Стадионға концерт қоюға белгілі бір себептермен рұқсат бермей, келесі айдың тапсырыстары алынып қойған. Арасында 3-4 күн бос күндері қалыпты. Ал той иелеріне отмен жасай алмайсың, заказчиктердің айқайы, реніші басталады, сол сәтте аяқасты рұқсат алдық. Сонымен әр қалаға заказдарына ұшып-қонып жүріп, 40 мың халықтың алдында үш-ақ күндік дайындығымен қалай болады екен деп қатты уайымға салындым. 20 жыл ел алдына шығып, күніне 3-4 концерт беріп келген ұлыма қатты қиындық болмады. Бүкіл халық басынан аяғына дейін әр әніне қосылып та билеп те тұрды. Күн суып кетті, елдер жаурап қалады деп те уайымдадық, Алла қолдағаны болар, күн де әдемі, жып-жылы болып тұрып, дұғамыз қабыл болып, концерт біткенін күткендей, қалай бітті солай қатты суыды, оған өздеріңізде куәсіздер", - деді ол. 

Сондай-ақ Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртастың жанды дауыста ән салудан қиналмайтынын, фонограмма туралы заң оларды шошытпайтынын да айтып өтті.