Өнер иесі 3 желтоқсанда Астанада, ал 5, 6 және 8 желтоқсанда Алматыда сахнаға шықты.
Ресейлік әнші Валерий Меладзе Алматыда өткен концертінде қазақтың ұлттық шапанын киіп, көрерменге ерекше ілтипат білдірді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі 3 желтоқсанда Астанада, ал 5, 6 және 8 желтоқсанда Алматыда сахнаға шықты. Сонымен қатар, тыңдармандар елордада 10 және 11 желтоқсан күндері өтетін қосымша концерттерді асыға күтуде. Әншінің барлық кештеріне арналған билеттер алдын ала толық сатылып кеткен.
Концерт барысында Валерий Меладзенің қазақ шапанын киіп шығуы көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Бұл қадамын әлеуметтік желі қолданушылары елге, дәстүрге деген құрметтің айқын көрінісі ретінде бағалады.
«Қазақстанда шапан – қонақжайлылықтың, ізгі ниеттің, сыйластық пен достықтың ұлттық нышаны. Оны лайықты адамға құрмет пен сенімнің белгісі ретінде ұсынады. Кеше Алматыдағы концертте Валерий сахнаға шапан жамылып шығып, қазақстандық көрерменге өзінің ризашылығын, құрметін әрі бауырмал сезімін білдірді. Бұл — әншіні жыл сайын сүйіспеншілікпен, жылулықпен қарсы алатын халыққа деген шынайы құрметінің көрінісі», — деп жазды кеш қонақтары.
Айта кетейік, Валерий Меладзенің Қазақстандағы концерттері көрермендер үшін ұмытылмас әсер қалдырып, үлкен аншлагпен өтіп жатыр.