Жағымсыз оқиға «Қайраттың» «Олимпиакосқа» қарсы матчтына барғанда болған.
Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек Threads әлеуметтік желісінде отбасы үшін аса қымбат затын жоғалтып алғанын хабарлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Айсәуленің айтуынша, ол кеше елордада өткен «Қайрат» пен «Олимпиакос» арасындағы матчқа барған. Ойын кезінде күтпеген жағдай орын алған.
«Егер біреу осы жейдені Қайраттың ойынынан тапса, өтінеміз, сыйақыға қайтарып беріңіздер. Бұл жейде біздің отбасымыз үшін өте ерекше. Оны 15 жыл бұрын Қайрат Советевич марқұм атамызға өзі сыйлаған. Суықта асығып жүріп, Астана Арена кіреберісінің маңында жоғалтып алдым», — деп жазды Айсәуле.