11.12.2025, 04:30

«Ауырып жүр ме?»: Қайрат Түнтековтің жаңа видеосы жұртты алаңдатты (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Бейнежазбада өнер иесінің өзгерген келбеті жұрттың назарын бірден аударған.

Әнші Қайрат Түнтеков жақын күндері жаңа әнін жарыққа шығаруға дайындалып жатыр. Алайда оның әлеуметтік желіде тараған соңғы видеосы желі қолданушылары арасында үлкен талқы тудырды деп жазады Sn.kz ақпарат порталы. 

Бейнежазбада өнер иесінің өзгерген келбеті жұрттың назарын бірден аударған. Көп оқырман әншінің сәл семіріп кеткенін айтып, денсаулығына алаңдаушылық білдірген. Пікірлер арасында:

«Семіріп кетіпті, бір жері ауырып жүр ме?», «Денсаулығы жақсы ма екен өзі?»,«Қайратты танымай қалдым… бәрі дұрыс па?» деген жазбалар жиі кездеседі.