11.12.2025, 12:20

«Аллаһым, көмек берші»: Әнші Бүркіттің желідегі жазбасы көпшілікті алаңдатып қойды (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Бар абыройымызды жоғалтпауға көмектесші.

Танымал әнші Бүркіт желідегі парақшасында әйелімен бірге түскен видеосын бөлісіп, тосын жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Танымал әнші өз жазбасында ел амандығын сұраған. 

"АЛЛАҺЫМ, мына 5 күн өмірде, көп жақсылық жасауға көмек берші. Бар абыройымызды жоғалтпауға көмектесші. Бала-шағамыздың өсіп-өніп, ер жетіп балалы болған күндеріне дейін жеткізші. Елімізді жақсылыққа толтыршы. Таза ниетпен жол бастаған бауырларға күш-қуат берші! Аспанымыз әрдайым ашық болсыншы. Халқымызға береке бере көр", - деп жазды ол.