$ 520.02  608.79  6.57

«Құттықтап қойсаңыздар болады»: Дариға Бадықова көпшіліктен сүйінші сұрады

Forbes-ке шықтым, құттықтай берсеңіздер болады.

Фото: instagram.com/badykovadaryga
Фото: instagram.com/badykovadaryga

Белгілі актриса Дариға Бадықова Forbes журналына шыққанын жұртпен қуана бөлісті. Ол бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялап, оқырмандарынан құттықтау күтетінін жасырмады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Актрисаның айтуынша, мұндай жетістікке жеткенімен, өз ішінде де, сырт келбетінде де айтарлықтай өзгеріс болмаған.

«Forbes-ке шықтым, құттықтай берсеңіздер болады — еңбегімнің нәтижесі. Бірақ өзім әлі сол қалпымдамын. Фотоға түскенде де көрсетілім үшін курица боп шыққым келмеді. Біреу тіпті “балконнан шампан атып, жұртты шақырмадың ба?” деп сұрапты. Жооқ, бәрі бұрынғыша. Маманға осы неге олай деп сұрағанда, ол маған: ішкі тыныштығы бар, қысымсыз өмір сүретін, бәрін уайымдай бермейтін еркін адамсың деді. Шынымен, менде қазбалау деген болмайды», – дейді Бадықова.

Актрисаның жазбасы желі қолданушылары арасында жылы қабылданып, көптеген жан оны шын көңілмен құттықтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 25
Ұнамайды 15
Күлкілі 4
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары