$ 520.02  608.79  6.57

«Неткен сұлулық»: Баян Алагөзованың мінсіз мүсіні көпшілікті тәнті етті (ВИДЕО)

Өзін жақсы көретін, өмірден ләззат алатын жан екені көрініп тұр.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Белгілі продюсер Баян Алагөзова желіде шетелдегі демалыстан видеосын жариялап, жанкүйерлерін таңғалдырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бейнежазбада медиа маман нәзік би қимылдарын ғана емес, стильді купальникпен сәнді мүсінін де көрсетіп, көпшіліктің назарын өзіне аударды.

Видеоны көрген желі қолданушылары қызығушылықтарын жасырмай, Алагөзованы мақтауға кірісті:

«Қандай сұлу!», «Өзін жақсы көретін, өмірден ләззат алатын жан екені көрініп тұр. Қарап отырып қуанып қаласың», «Демалысқа шыққым келіп кетті…», «Қандай фигура!», «Құдай-ау, ертең залға барамын!»

Көпшілік актрисаның жарқын образы мен әсем фигурасына тәнті болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары