"Ұлың өзіңе серік болсын".
Танымал ақтаулық блогер Салтанат Аманқосова көптен күткен қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол Instagram парақшасында ұлды болғанын жазып, оқырмандарын сүйіншілетті.
«11.12.2025 жылы сағат 10:45-те өмірге келген ұлым. Салмағы – 3 кг 100 гр, бойы – 52 см. Шүкір, қалағанымдай жеңіл босандым. Толғақ ауыр болды деп айта алмаймын, ешқандай денсаулыққа зиян келмеді. Барлығы жақсы өтті, 3 сағатта босандым. Құттықтап жатқан барлық жанға алғыс», – деді Салтанат.
Желі қолданушылары блогерді құттықтап, жылы лебіздерін жарыса жазуда.
«Құтты болсын, бауы берік болсын», «Ұлың өзіңе серік болсын», «Анасына тартқан қайсар бала болсын» деген пікірлер көптеп жазылды.