"Бүгін адвокатпен жолықтым".
Әзілкеш, блогер Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы жұбайы Фариза Алмасқызы экс-күйеуінің үстінен ресми түрде шағым түсіретінін хабарлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Фариза әлеуметтік желідегі парақшасында бүгін адвокатпен кездескенін және оған сенімхат рәсімдегенін атап өтті. Айтуынша, енді құқықтық процесс ресми түрде басталады.
«Бүгін адвокатпен жолықтым. Сенімхат жасап алдым, енді процесс басталады. Маған сәттілік тілей беріңіздер. Айтқан әр сөзі, маған жала жапқаны, әке-шешеме, балаларым мен әулетіме тіл тигізгені үшін заң алдында жауап береді», – деп жазды ол.