15.12.2025, 02:30

«Арамыз 20 жас»: Индира Елемес алғаш рет бұрынғы күйеуі жайлы айтты (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Ол болашақ жұбайымен мерекелік кештердің бірінде танысқан.

Белгілі әнші Индира Елемес журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында өзінің жеке өміріне қатысты қоғамда қызу талқыланып жатқан пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әншінің айтуынша, ол болашақ жұбайымен мерекелік кештердің бірінде танысқан. Көпшілік айтып жүргендей, ол оның екінші әйелі емес: таныстық кезінде жолдасы заңды некеде болмаған, яғни бойдақ болған.

«Қазір халық мені біреудің отбасын бұзды немесе екінші әйел болды деп айтып жүр. Бұл дұрыс емес. Біз танысқанда ол бос еді. Бізде 19-20 жас айырмашылық бар. Сол кезде жолдасым өте сымбатты, көрікті кісі болды», – деді Индира Елемес.