$ 519.61  610.13  6.54

«Ешкім білмесін дейді»: Ерке Есмаханның ағасы күйеу баласының жомарт екенін айтты

Негізгі демеушілеріміз – Райым мен Ерке

Фото: коллаж Sn.kz
Фото: коллаж Sn.kz

Танымал әнші Ерке Есмаханның ағасы, теолог Бауыржан Есмахан қарындасы мен күйеу баласы Райымның көпшілікке жария етілмеген қайырымды істері туралы айтты. Оның сөзінше, олар отбасына үнемі қолдау көрсетіп, көмектерінің елге білінбеуін қалаған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Оң қолың бергенді сол қолың білмесін дейді ғой. Бізге әрдайым көмектесіп отырады, бірақ артынан ешкімге айтпауымызды өтінеді. Негізгі демеушілеріміз – Райым мен Ерке», – деді Бауыржан Есмахан.

Бұл жайтқа қатысты Ерке Есмахан да Instagram парақшасында әсерлі жазба жариялады. Әншінің айтуынша, бір күні түнде домофон қоңырауы соғылып, үйіне ағасы Бауыржан келіп қалған.

«Түнгі уақытта келген қоңырау қорқытып жіберді. Күйеуім үйде жоқ еді. Есікті ашсам, ағам Бауыржан гүл ұстап тұр екен. Шай ішіп отырып, Айнұр Асанбердімен өткен подкастқа қатысқанын айтты. Сол жерде Райым екеуміз туралы сөз қозғағанын, ертең подкаст шыққанда ренжіп қалмасын деп алдын ала ескертуге келгенін жеткізді», – деп жазды Ерке.

Әншінің сөзінше, көпшілік подкастты көріп үлгерген. Ал ағасының түнде келіп, гүл сыйлауы – күйеу баласын ескертіп, түсініспеушіліктің алдын алмақ болған әрекеті екен.

«Жақсының жақсылығын айтып, нұрын тасытатын ағама Алла разы болсын. Ойдан шығарылған өсекке ермей, ағамның парақшасына жазылып, ғибратты әңгімелерін тыңдаңыздар», – деп түйіндеді Ерке Есмахан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 3
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары