Тілек білдірген оқырманының бірі дүниеге келген нәрестеге "Айшасұлу" есімі берілгенін жазған.
Танымал ақын, қаламгер Ақберен Елгезек пен келіншегі – тәуелсіз журналист Дина Елгезек нәрестелі болды. Қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Сүйінші жаңалықты ақынның өзі Instagram желісінде жариялады. Ақберен Елгезек өзін құттықтаған әр оқырманы мен жақын достарының тілегін стористе бөліскен.
"Көптен күткен кішкентайларыңыздың бауы берік болсын, қуаныштарыңызға ортақпын!", "Керемет жаңалық қой!", "Ханшайымның болашағы жарқын, жасы ұзақ болсын", "Сәбидің бауы берік болсын, Дина жеңгеймен бақытты болыңыз", "Бүгінгі күннің керемет жаңалығы! Сүйікті ақынымның Айшасұлуы дүниеге келді. "Болмаған балалық шақ" деп бәріміздің жүрегімізді жылытқан жан. Бақытты балалық шақ тілеймін!", - деп ақ тілегін жаудырған онда отбасына жанашыр жандар.
Тілек білдірген оқырманының бірі дүниеге келген нәрестеге "Айшасұлу" есімі берілгенін жазған.
"Ардақты аға, аяулы жеңгей! Алла тілектеріңізді қабыл етіп, көптен күткен перзенттеріңіз – Айшасұлу есімді періште қыздың дүние есігін ашуы шаңырақтарыңызға шексіз қуаныш, нұр мен береке алып келсін", - деп жазған желі қолданушысы.
