$ 517.66  606.49  6.44

«Махаббатым, бақытты бол»: Баян Алгөзова екінші қызына жазба арнады

Продюсер Instagram парақшасында қызының суретін жариялап, оған жүрекжарды тілегін жазған.

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

Танымал продюсер, актриса Баян Алагөзова екінші қызы Айаруды туған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Продюсер Instagram парақшасында қызының суретін жариялап, оған жүрекжарды тілегін жазған:

"Менің махаббатым, менің бақытым, менің мақтанышым, менің жүрегім! Туған күніңмен! Әрқашан денің сау, бақытты бол. Өте-өте бақытты бол. Сені жақсы көремін", – деді Баян Алагөзова. 

Айару әлеуметтік желіде әпкесі Айсәуледен алған сыйлығын бөлісті. Суретте үлкен гүл шоғы мен ашықхат.

"22 жыл бұрын сенің өмірге келгенің қандай жақсы болды", – деді Айсауле Бақытбек.

Айару Бақытбек 2003 жылдың 19 желтоқсанында дүниеге келген.  Ол 21 жасқа толды.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары