$ 517.66  606.49  6.44

«Ақ батаңыз – өмірлік бағдар»: Димаш Құдайберген Асанәлі Әшімовтің отбасына көңіл айтты (ФОТО)

Өнер иесі аңыз актердің қазақ руханиятындағы орнын ерекше атап өтіп, оның шығармашылығы мен адамдық болмысы кейінгі ұрпақ үшін мәңгі үлгі болып қалатынын жеткізді.

Фото: @kudaibergenov.dimash
Фото: @kudaibergenov.dimash

Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген қазақ өнерінің аңызы, театр және киноның ірі тұлғасы Асанәлі Әшімовтің қазасына байланысты терең күйзеліс білдіріп, отбасы мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Өнер иесі аңыз актердің қазақ руханиятындағы орнын ерекше атап өтіп, оның шығармашылығы мен адамдық болмысы кейінгі ұрпақ үшін мәңгі үлгі болып қалатынын жеткізді.

«Қазақ өнерінің тұтас дәуірі мен тарихын арқалаған алып тұлға өмірден өтті… Сіз – қазақ өнерінің ғана емес, тұтас бір ұлт руханиятының темірқазығы болған ұлы тұлға едіңіз. Маған берген ақ баталарыңыз, әрбір өнегелі сөзіңіз – өмірлік бағдар, өнер жолындағы ең қымбат рухани мұра. Сіздің сеніміңіз бен ақыл-кеңесіңіз мені әрдайым биік жауапкершілікке, адалдық пен тазалыққа жетелеп келеді. Өнерге, адамдыққа, ұлтқа деген сіздің ұстанымыңыз кейінгі буын үшін өлмес өнеге. Сол өнегені жүрегімде сақтап, әрдайым лайық болуға тырысамын», – деп жазды Димаш.

Сондай-ақ ол аңыз актердің рухына тағзым етіп, отбасына сабыр тіледі.

«Ағамыздың рухы пейіштің төрінде шалқығай! Отбасына, жақындарына Жаратушы иеміз сабыр берсін. Қазаның арты қайырлы болғай», – деді ол.

Асанәлі Әшімовтің қазасы ел мәдениеті мен өнер қауымы үшін үлкен қайғы болды. Халық құрметтеген тұлғаның есімі қазақ өнерінің тарихында мәңгі сақталмақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары