22.12.2025, 16:00

«Үйіне сыбағаға шақырды»: Азамат Сатыбалды Асанәлі Әшімовпен соңғы тілдесуін есіне алды (ВИДЕО)

Коллаж: sn.kz

Сондай-ақ марқұм актердің үйіне қонаққа шақырғанын да жаза кетті. 

Актер Азамат Сатыбалды марқұм Асанәлі Әшімовпен соңғы рет кездесіп, сөйлескен сәтін есіне алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды. 

"Телефонның шырылы, қарасам Асанәлі аға звондап жатыр екен. Көтере сала хәл-жағдай сұрастық. Біраз әңгіме айтылды. Сөз соңында, аға, не шаруа, не тапсырмаңыз бар маған дедім. Асанәлі аға сәл кідіріп, ешқандай шаруа, тапсырма да жоқ. Жай өзіңді сағындым деді... Кеудеме өксік тығылды. Ең болмаса даусыңды естиін, қайда жүрсең де аман бол деді. Асанәлі ағау, мен де сағындым, өткенде ғана көрістік қой деп әбден ақталдым", - деп есіне алды ол. 

Сондай-ақ марқұм актердің үйіне сыбағаға шақырғанын да жаза кетті. 

"Сыбағаларың дайын, босаған уақыттарыңда Назгүл екеуің үйге келіңдер. Әйтпесе өзім жеп қоямын деп күлді. Уәделесіп, жылы қоштастық. Әттең… Асанәлі аға, енді мен сізді қатты сағынатын боламын", - деді Азамат Сатыбалды.