ейнежазбаны әнші Заттыбек Көпбосынұлы өзінің желідегі парақшасында жариялаған.
Танымал әнші Қайрат Нұртас Сырым Исабаевпен бірге әлеуметтік желіде көзге түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бейнежазбаны әнші Заттыбек Көпбосынұлы өзінің желідегі парақшасында жариялаған.
Кадрларда қос әншінің бір-бірімен қуана қауышып, жылы амандасып жатқан сәті бейнеленген. Бұл көрініс желі қолданушыларының көңілінен шығып, қызу талқыға түсті.
Жазба астында Заттыбек Көпбосынұлы «Екеуінен дуэт күтесіздер ме?» деген сауал қалдырған. Оқырмандардың бір бөлігі бұл идеяны қолдап, қос өнер иесінің бірлескен жұмысын асыға күтетіндерін жазса, енді бірі Сырым Исабаевтың жеке шығармашылығын жалғастырғаны дұрыс деген пікір білдірді.
Желі қолданушылары:
«Әрине, екеуінен дуэт күтеміз», «Қайраттың Сырымды көріп қуанып тұрғаны байқалады», «Сырымның жеке дауысы да өте жақсы», «Басқа әншімен дуэт болса да, Қайратпен емес», - деп пікір қалдырды.