22.12.2025, 16:20

«Инсульт алды»: Танымал актер Мұрат Бисембин шұғыл ауруханаға түсті

Коллаж: Sn.kz

Бұл туралы әлеуметтік желілерде оның қызы Сафия мәлімдеді.

"Рэкетир" культтік дилогиясында қылмыстық авторитет Русланның рөлін сомдаған қазақстандық актер Мұрат Бисембин өткен демалыс күндері ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұл туралы әлеуметтік желілерде оның қызы Сафия мәлімдеді.

2025 жылғы 21 желтоқсанда ол әкесімен бірге түскен суретті жариялап, былай деп жазды:

"Ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлердің бақылауында. Инсульт".

Бұдан кейін біраз уақыт өткен соң, аурухана палатасынан тағы бір фотосурет жарияланды. Актердің шығармашылығын сүйетін жанкүйерлер пікірлерде оған сауығып кетуін тілеп, қолдау білдіруде.