$ 517.66  606.49  6.44

«Соңғы екенін сезбеппін»: Белгілі ақын екі күн бұрын Асанәлі Әшімовпен кездескенін айтты (ВИДЕО)

Қалқаман Сарин өз жазбасында Асанәлі Әшімов пен Жүрсін Ерманның кездесуі туралы айта кетті. 

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Белгілі ақын Қалқаман Сарин аңыз актер Асанәлі Әшімов туралы жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Қалқаман Сарин өз жазбасында Асанәлі Әшімов пен Жүрсін Ерманның кездесуі туралы айта кетті. 

"ЖҰМА КҮНГІ ЖҮЗДЕСУ… Иә, екі күн бұрын Алматыда Асанәлі, Жүрсін ағаларымызбен кездесіп, көркем естеліктер тыңдап, көңілге көп дүние түйіп қайтқан едік. Аға мен інінің арасындағы жарасымды сыйластыққа, інінің еркелігі мен ағаның қамқорлығына куә болдық.

Қос ағамызды шығарып салып тұрып, Асекеңді соңғы рет көріп тұрғанымызды сезбеппіз. Енді қайтып оралмайды, ортамызды толтырып, төрімізде отырмайды деген ой үш ұйықтасақ та түсімізге кірмеді. Інісін алдына салып, ілбіп басып келе жатыр еді. Өзі озып кетті. Өмірден озды…

Ал, Жүкең болса арқа тұтар ағасынан айырылып, таяғына сүйеніп қала берді", - деп жазды ақын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары